Шымкентте 2022 жылы көпқабатты 42 үйге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Құрылыс жергілікті әкімдік тарапынан қайтарымсыз негізде атқарылған. Коммуналды баланстағы баспананың басым бөлігі Нұрсәт шағынауданында орналасқан.
Үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері, қасбеті жаңартылды. Сонымен қатар су құбырлары, ішінара кафелі жаңасына ауыстырылды.
Бұдан бөлек, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС тарапынан қайтарымды негізде көпқабатты 9 үйді күрделі жөндеу жоспарланса, 4 үйдегі тиісті жұмыс толық аяқталды.