Газ бағасы мемлекет тарапынан реттеледі

92
Кентауға газ жеткізетін АГРС дайын

Бұдан былай газ бағасы мемлекет тарапынан реттеледі. Осыған қатысты заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.Құжатта бөлшек және көтерме саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу тәртібін өзгерту, газ толтыру пункті, станциясы, мұнай-газ-химия өнімдері секілді ұғымдарды нақтылау туралы жазылған.

Сонымен бірге дер кезінде ақпарат алу үшін сұйытылған газды ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне енгізу жоспарланып отыр. Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтың сөзінше, жергілікті атқарушы органдардың облыс ішінде газ лимитін бөлуге жауапкершілігін күшейту де қарастырылған. Яғни, бұдан былай сұйытылған газды автогаз станцияларына әкімдіктер бөледі.