Кентауда 13 млн. теңгелік бағалы бұйым ұрлағандар құрықталды

102

Кентау қаласында 11 пәтерге ұрлыққа түскендер құрықталды. Олар тұрғындарға 13 млн теңге шығын келтірген.

Қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 6 жарым млн теңгелік алтынын ұрлап кеткені жайында арыз қалдырған. Артынша тағы да бірнеше азамат үйіне бөгде біреулердің кіріп, бағалы заттарын жымқырғанын айтып полиция бөліміне жүгінді. Жедел іздестіру нәтижесінде 2 күдікті ұсталды. Оның бірін Кентаудан ұстаса, екіншісі Шымкент қаласынан құрықталды.

Заттай айғақ ретінде алтынның бір бөлігі мен басқа да заттар тәркіленді. Қазір сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бауыржан Қуатов, ТО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары: «Жүйелі іздестіру шараларының нәтижесінде, екі Кентау қаласының тұрғыны құрықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктілер пәтер ұрлығына байланысты 11 жайтқа қатысы бары анықталып, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, олардың басқа да қылмысқа қатысы бар жоғы тексерілуде»