Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы —31 градусқа дейін төмендейді

0

Суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастырып жатыр. Соған байланысты 10-12 қаңтар аралығында еліміздің көп бөлігінде қатты аяз болады. Мұны «Қазгидромет» хабарлады

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады деп күтіліп отыр. Ауа температурасы оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз,
солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін,
орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін,
шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін төмендеуі мүмкін.

АЙТПАҚШЫ

Аязға дайын болыңыз! Шымкенттің Су арнасы ескертеді!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Синоптиктер алдағы күндері қала аумағында ауа температурасы күрт төмендейді деп болжап отыр. Осыған байланысты, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы сумен қамту қызметін көрсетуде тұтынушыларға өтініш білдіреді. Апатты жағдайлардың алдын-алу мақсатында су құбыры желілерін тексеріп, есептегіш құралдары орналасқан бөлмелер мен сырттағы құбырлардың қатып қалмауы үшін жылыту, орау қажеттігін ескертемі, қадағалауды сұранамыз. Төтенше жағдайлар туындай қалса, +77081102121 телефоны бойынша кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне хабарласыңыз және +77057581111 WhatsApp желісі арқылы хабарласуға да болады.