Шымкентте психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған орталық жұмыс істейді

116

Шымкентте психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған орталық жұмыс істейді. 1 ай ішінде 30-ға жуық балаға көмек көрсетіп келе жатқан мекеме аз уақыт ішінде біршама жетісітікке жетіп үлгерген. Орталықта балалар 1,5 жастан 18 жасқа дейін жартылай станционарлық жағдайда тегін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін ала алады. 

Наргиза Асылханова өзінің 7 жастағы ұлын «Қамқорлық» орталығына алып келгелі 1 айдан асты. Ол аутизм спектрінің бұзылуы анықталған ұлына 3 жастан бері түрлі мекемеде түрлі әдіс арқылы көмек көрсетіп келеді. Баласын оңалтуға бармаған жері қалмаған ана Шымкентте психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған орталық ашылғанына қуанады. Себебі, бұған дейін қажетті қызмет түрін алу үшін бірнеше жерге сенделетін едік дейді ол.

Наргиза Асылханова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Өзгеріс бар. Логопед болсын, АВА терапия болсын, ойын бәрі комплексті болған кезде, міндетті түрде өзгеріс болады. Бізде жайлап, сөздерді қайталап, айтып келе жатыр. Өзгерістер бар. Команданы орындайтын болды. Бізде түсіну ғой балада ең бастысы. Түсінгі қалыптасып келе жатыр».

Орталықта 8 дефектолог маман жұмыс жасайды. Күніне кем дегенде 8 балаға шамамен 25-30 минут көңіл бөлінеді. Ал арнайы сабақтарға кіріспес бұрын әр балаға 2 апта көлемінде диагноситка жасалады дейді мамандар. Сондай-ақ, арнайы сабақ кестесі құрылып, жеке жоспар түзіледі.

Перизат Жасұзақова, «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының дефектологы: «Әр баладан деңгейіне қарай әр топқа бөлінеді. Топтық жұмыс аптасына 1 күн жүргізіледі. Балаларды бір-бірімен біріктіруге, топпен ойнауға машықтандыру. Балалар бірінші келген кезде топпен жұмыс жасай алмайтын, сабақта өзін ұстай алу қабілеті жоқ еді. Қазір айтарлықтай өзгерістер бар аз уақыт болса да».

Қазіргі уақытта орталықта 28 бала қызмет алып жатыр. 1 айдан астам уақыт қана жұмыс істеп жатқан мекеме аз уақыт ішінде біршама жетісітікке жетіп үлгерген.Тағы бір қуантарлығы – бұл орталықта елімізде алғаш ашылған интерактивті-проекциялық бөлме бар. Онда балаларға аудиотерапия арқылы интерактивті еден, қабырға көмегімен жаңа әдіс қолданылады. Ол бала моторикасына жақсы әсер етеді дейді мамандар.

Ақмарал Жүнісова, «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әдіскері: «Біздің орталық әлеуметтік саланың 8 қзымтін көрсетеді. Психологиялық, педагогикалық, құқықтық, экономикалық деген секілді 8 бағытта жұмыс жасаймыз. Біздің орталықтың балалардың қызмет алатын уқаыты 4 сағат болуы керек. Қазір бастапқы кезде біз 2 сағатқа қабылдап жатырмыз. 4 сағатқа балалар логопед, дефектолог, психолог мамандары».

Сонымен қатар орталықта сенсорлы бөлме де бар. Онда балалар тынығып, релаксация процесі жүреді. Ал алдағы уақытта мекемеде тұрмыстық-әлеуметтік бағдар бөлмесі ашылады. Сондай-ақ, қызмет көрсету режимі 2 сағаттан 4 сағаттық режимге ауысады деп жоспарланып отыр. Егер шешім қабылданған жағдайда орталық қызметін алатын бала саны тағы да артуы мүмкін.