Úı ANONS Әлемдік деңгейдегі хирургия — Шымкентте

Әлемдік деңгейдегі хирургия — Шымкентте

«Djuno» клиникасы медициналық туризмді дамытуға өз үлесін қосуды мақсат етіп, әлемдік деңгейдегі дәрігерді шақырды. Бүгін мұнда бұрын тек Шымкентте ғана емес, Қазақстанның өзге өңірлерінде де жасалмаған күрделі оталар өткізілуде. Әлемдік медицина стандарттары біздің ортада қалай қалыптасып жатыр және науқастар неге мұны өмірлік мүмкіндік деп санайды? 

 

Жылына 1200 ота. Оның 10-ы бүгін Шымкентте. Даниэль Казанаве 15 жыл бойы Еуропа, АҚШ және Африка клиникаларында тәжірибе жинақтаса, енді «Djuno» клиникасында қарқынды жұмыс істеп жатыр. Мұнда тек шымкенттіктер емес, Өзбекстан, Тәжікстан және тіпті Украинадан келген науқастар да бар. Казанаве — көз қабағын реконструктивті қалпына келтіру хирургиясы, нистагм мен туа біткен қылилықты емдеу бойынша маман. Ол енгізіп жатқан әдістемелер Қазақстанда бұған дейін қолданылмаған. Жұмыс жоғары дайындықты талап етеді: әрбір пациенттің жағдайында асқан дәлдік қажет. Сондықтан мұндай оталар үшін бұрын шетелге баруға тура келетін.

 

ДАНИЭЛЬ КАЗАНАВЕ, ОФТАЛЬМОЛОГ, ОКУЛОПЛАСТИКАЛЫҚ РЕКОНСТРУКТИВТІ ХИРУРГ: «Біздің оталар өңіріміз үшін шынымен бірегей. Біз бұл әдістерді үйретіп, таратып жатырмыз. Бұл оталар жоғарғы қабақтың птозын емдеуге және нистагм сияқты күрделі патологияларды жоюға бағытталған».

 

Казанаве емдейтін сырқат түрлері біздің өңірде жиі кездеседі. Алайда, дәрігердің өзіндік ерекше ота жасау тәсілдері оған Ресейден тысқары жерлерде де үлкен абырой сыйлады.  Ол екі жыл бұрын Қазақстанға, Алматыдағы салалық форумға тұңғыш рет келген еді. Сол сапарда орнатқан кәсіби байланыстары кейін оны Шымкентке алып келді. Бүгінде хирургтың осы жерде жұмыс істеуіне «Джуно» клиникасындағы реконструктивті оталарға қажетті заманауи жабдықтардың болуы мүмкіндік беріп отыр.

 

ДАНИЭЛЬ КАЗАНАВЕ, ОФТАЛЬМОЛОГ, ОКУЛОПЛАСТИКАЛЫҚ РЕКОНСТРУКТИВТІ ХИРУРГ: «Шымкентке үлкен ықыласпен келдік. «Djuno» клиникасында осындай мүмкіндіктердің барына қуаныштымыз. Екі күн ішінде 10-11 ота жасауды жоспарлап отырмыз. Бірінші күні консультация өткіздік — Қазақстанның әр түкпірінен, сондай-ақ Украина, Өзбекстан, Тәжірибестан, Түркиядан келген науқастар көп. Баршасының Шымкентте бас қосқанына өте қуаныштымыз».

 

Казанавенің келуі — тек жекелеген медициналық мәселелерді шешу емес. Клиниканың мақсаты — кәсіби тұрғыда үлкен серпіліс жасау. Даниэль Казанаве ота жасау бөлмесінде болса, дәрігер Жомарт Жүнісбеков бастаған әріптестері тәжірибе алмасу мүмкіндігін толық пайдалануда. Бұл күндері «Djuno» толыққанды білім беру орталығы ретінде жұмыс істеуде: авторлық әдістемелерді клиника қызметкерлерімен қатар, халықаралық сарапшыға ассистент болған офтальмологтар да үйренуде.

 

ЖОМАРТ ЖҮНІСБЕКОВ, «DJUNO» КЛИНИКАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: «Клиниканы үш жыл бұрын ашқанда, әлемдік мамандарды шақырып, осындай күрделі оталар жасаймыз, балаларды жалпы наркозбен оталаймыз деп ойламаппыз да. Бұл — үлкен жауапкершілік».

 

Маркус Гунн синдромы, блефарофимоз, туа біткен птоз бен қылилықтың ауыр түрлері. Бұрын бұл диагноздар науқастар үшін елімізде ем алу мүмкіндігінің жоқтығын білдіретін. Енді бұл дерт түрлерін Шымкентте емдеуге болады.  Даниэль Казанаве мен «Djuno» клиникасы командасының арқасында мүмкін емес дүние ақиқатқа айналды. Кәсіби мамандардың еңбегі тек науқастардың тағдырын ғана емес, қаланың да бет-бейнесін өзгертуде. Мұндай ынтымақтастықтың арқасында халықаралық медициналық туризм картасында Шымкент пен «Djuno» клиникасы сияқты жаңа орталық пайда болды.

Ботакөз Әнуар