Шымкентте жаңа жылдық тағамдар жәрмеңкесі өтіп жатыр

74

Үшінші мегаполистегі «Қиял әлемі» техносаябағында тағамдар жәрмеңкесі өтті.

Мерекелік іс-шарада қаладағы 10 мейрамхана халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Саябақта 150 орындық 15 үстел қойылған. Мейрамхана тағамдары ақылы және қолжетімді. Сондай-ақ, келушілер жәрмеңкеде арнайы дайындалған көрмені тамашалай алады.

Сонымен қатар саябақта шымкенттік қолөнершілердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеде ағаш, тоқыма шеберлері және заманауи қолөнершілер өз бұйымдарын халыққа ұсынады. Жәрмеңке мақсаты — тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау арқылы ұлттық өнерді дәріптеу. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан келушілердің қарасы көп.

Айта кетейік, мерекелік жәрмеңке төрт күнге созылады.