Шымкенттік тұрғын есірткі сақтағаны үшін жазаланды

25

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында 45 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Ол Қайнарбұлақ саяжайындағы көшелердің бірінде оралған есірткі затын тауып алған, содан оның есірткі екенін біліп, жеке өзі пайдалану үшін қалтасына салып алған. Алайда, оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлерімен анықталып, тәркіленіп алынды. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұрын өзі есірткі затын қолданғандықтан, тауып алған затты өзі қолдану мақсатында қалтасына салғанын айтып, бұл үшін қатты өкінетінін көрсеткен.
Сот үкімімен ер-азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, оның тұрақты жұмыс орны болғанға дейін, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жергілікті атқарушы органдар айқындайтын қоғамдық орындарда 80 (сексен) сағатқа, күніне төрт сағаттан артық емес мәжбүрлі еңбекке тартылды.