Úı ANONS Қонақүйде есірткі сақтаған курьер ұсталды

Қонақүйде есірткі сақтаған курьер ұсталды

фото ШПД
Жедел іс-шаралар барысында қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері Шымкент аумағында есірткі таратумен айналысқан Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде әйелден 20 орама есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдіктінің уақытша тұрған қонақүйінен қосымша 80 орама психотроптық зат анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғын үйлердің маңында есірткі қойып кетумен айналысқан Астана қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.