Жемқорлық жасағаны үшін әкімдіктегі басқармалардың бірінің бұрынғы басшысы ұсталды

33

15 қаңтарда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстады, деп хабарлайды Отырар Ratel.kz сайтына сілтеме жасап.

Д. Ж. пандемия кезінде 240 миллион теңгені жымқырды деп айыпталуда. Белгілі болғандай, экс-шенеунік 2020 жылдың наурыз айында елде енгізілген төтенше жағдайды пайдаланып, мемлекеттік тапсырыстарды жасауға келісімшарттар жасаған.

Д. Ж мемлекетке 240 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Ол өз кінәсін толық мойындап, тергеумен ынтымақтасты. Басқа да сыбайластарын әшкерелемек ниетте.

Тергеу барысында жас балалары бар екені ескеріліп, экс-басшы үйқамаққа алынды.

Бұрынғы шенеунік Оңтүстік Қазақстан, одан кейін Түркістан облысының мемлекеттік құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған. Оның соңғы қызметі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары болған.