Әл-Фараби ауданы ауыз сумен 100% қамтылды

Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағынауданында өткен жылы 40-тан астам үйге ауыз су құбыры тартылмай қалған еді. Бүгінгі таңда шағынаудан халқы толықтай сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Сондай-ақ, Текесу елдімекенінде құрылыс жұмысы мен абоненттеу аяқталып, тұрғындарға сапалы тіршілік нәрі берілді. Нәтижесінде, Әл-Фараби ауданына қарасты елді мекендерді ауыз су жүйесімен қамту 100%-ға жетіп отыр.