Бастапқы жарнасыз ипотека

34
Биыл Оңтүстік Қазақстанда 226 мың шаршы метрді құрайтын 80 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынбақ.

ЦентрКредит бастапқы жарнасыз ипотеканы іске қосты. Банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бастапқы жарнасыз ипотеканы алу үшін қосымша жылжымайтын мүлікті кепілге қою керек. Басқа біреудің атындағы пәтер немесе жеке үй де кепілзатқа қабылдана береді.

Сосын үйдің локациясына шектеу жоқ. Мәселен, ипотека Астанадағы пәтерге рәсімделсе, кепілзатқа Қазақстанның басқа аймағындағы баспананы ұсынуға болады. Бірақ үйдің бағасы ипотека сомасының 20 пайызынан кем болмауы керек. Ипотеканың негізгі шарттары: шекті сомасы – 100 миллион теңге; мөлшерлемесі ипотеканың мерзіміне қарай есептеледі (10 жыл – 17%, 15 жыл – 18,5%).