Úı Jańalyqtar Ипотека рәсімдеп беремін деп, 3 млн. теңгесін иемденіп кеткен

Ипотека рәсімдеп беремін деп, 3 млн. теңгесін иемденіп кеткен

Фото: shutterstock.com

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, бір әйел оның сеніміне кіріп, ипотека рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, 3 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында ол тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу қызметтері туралы жарнаманы көрген. Алайда күдікті ақшаны алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.