Д.Сатыбалды: «Инвесторларға қолдау көрсетуге дайынбыз»

32

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиында алдымен бірінші отырыста ұсынылған жобалардың жүзеге асырылу барысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, аудан, қала әкімдерінің алдағы жоспарлары тыңдалды. Әрі инвесторлар өз ұсыныстарын айтты.

Инвесторларға қолдау көрсетіледі. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әкімдік тарапынан инфрақұрылым және өзгеде мәселелер бойынша көмек берілетінін айтты. Инфвестициялық штаб отырысында осы проблемалар мен болашақта атқарылатын жобалар талқыланып, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу бойыншааудан әкімдерінің есебі тыңдалды. Мәселен, Қазығұрт ауданында биыл 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады екен.

«Инвестициялық жобалар іске асыру жоспарлануда. Аталған жобалардың жалпы құны 19,9 млрд теңгені құрап, 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 2023 жылы 13 жоба, жалпы құны 8,3 млрд теңге»,деді Қазығұрт ауданының әкімі.

Жалпы жиында10 жоба бойынша инвесторлар өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді. Олар инфрақұрылым, газ, электр қуаты, жер, жобаны құжаттандыру және өзге де мәселелер бойынша көмек сұрады. Өңір басшысы барлығы назарда болып, шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ аудан, қала әкімдеріне жаңа жобалар бойынша ескерту жасады.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Біз әрбір жобаның іске асырылу барысын мұқият қадағалаймыз. Инвесторларға қолдау көрсетеміз, жобаларды бірге жүзеге асыруға күш саламыз. Инфрақұрылым және өзге де мәселелер бойынша көмектесеміз. Ұсынылған жобалар жақын арада іске асырылып, облыс экономикасының драйвері болады деп үміттенеміз.Кейбір азаматтар жерді сұрап алады, бірақ ештеңе істемейді. Ондайға жол берілмейді. Әрбір жоба келісімшартқа сәкес жүзеге асса, елге де, инвесорларға да пайдалы болады. Бұл ретте аудан, қала әкімдері үнемі ізденіп, инвесторларды тартуы керек. Осы саладағы индикаторды орындамаған басшыларға тиісті шара көріледі».

Жобаларды бірге жүзеге асыруға күш саламыз деген облыс әкімі инвесторларға да талап бар екенін жеткізді. Яғни, жобаның жүзеге асырылу барысы мен уақыты келісімшартта нақты көрсетілуі тиіс. Әр қадам алдын ала белгіленіп, Жол карталары жасалуы міндетті деді.

Айта кетейік, алдағы уақытта Арыс қаласы аумағында жаңбырлатып суғару әдісімен 4500 гектар жерде мал азығын өсіруді жоспарлап отыр. 30 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар аталған компания 15 млрд. теңге инвестиция салып, 50 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын ашуға ниетті.