Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді

27
фото Егемен

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді, – деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі. Дизель отынының тапшылығын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының біркелкі жүктемесін болдырмау үшін дизель отынын жеткізу ақпан айынан бастап кесте бойынша біркелкі жүргізіледі.

«Энергетика министрлігі ақпан айына дизель отынының кепілдік берілген көлемінің құнын Мұнай өңдеу зауыттарынан тоннасына 222 мың теңге деңгейінде айқындады. Жеткізу бойынша шығыстарды ескере отырып, қазақстандық шаруалар үшін жанармайдың түпкілікті құны жанармай құю станцияларының нарықтық бағасынан 15-20%-ға арзан болады», – деп жазылған хабарламада.