Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткер көбейген

76
Зейнеткер кәсіпкер

Қазақстанда кейінгі үш жылда жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 26 пайызға артты. Қазіргі таңда жасы 65-тен асқан 200 мыңнан астам қызметкер еңбек нарығына араласып жүр. Жасы келсе де, қауқары қайтпаған қарттар әр салада бар. Еңбек — бейнет емес,- дейді олар.

Гүлнәр Бекішова, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы жұмыспен қамту басқармасының басшысы: «Жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті жастан асқан адамдар саны 215 мың адамды құрады. Бұл жұмыспен қамтылғандардың ішіне өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жалдану бойынша жұмыспен қамтылғандар санаты кіреді. Осы жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті жастан жоғары азаматтардың көбісі мынадай қызмет түрлерінде: ауыл шаруашылығы, сауда, білім беру және денсаулық сақтау саларында еңбекпен қамтылған. Қазақстанда 2 млн астам зейнеткер бар. Лайықты демалысқа шыққан жандардың жұмысты жалғастыруын көпшілік түрлі себеппен байланыстырады. Ал мамандар қарт адамға жеңіл жұмыс істеу пайдалы екенін айтады».