Шымкент: Биыл Абай ауданында 320 мыңнан астап түп гүл егіледі

17

Шымкент қаласы Абай ауданында биыл 70 мың – бір жылдық, 3,5 мың – көпжылдық гүл және 250 мың түп қызғалдақ егіледі. Сонымен қатар аудан аумағын көгалдандыра түсу үшін 400 түп қарағай, 60 түп қырым қарағайын және 4 мың өзге де ағаш көшеттерін егу жоспарланып отыр.

Мұнан бөлек демеушілердің есебінен 20 мың түп көшет отырғызылмақ. Мұнан өзге Абай ауданында көпқабатты үйлердің аулаларын және тұрғын алаптарды абаттандыру жұмыстары да қарқынды түрде жүргізіліп келе жатыр.

Атап айтқанда, «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы 2022 жылы 5 үйдің ауласы абаттандырылып, 27 елді меенге спорт және балалардың ойын алаңшалары салынған. Биыл да осы жоба арқылы 15 балалар алаңшасы мен 3 спорт алаңының құрылысы жүргізіледі.