Шымкентте биыл 3072 пәтер пайдалануға берілді

99

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 72 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл 254 мың шаршы метрді құрайды.

Оның ішінде 29-ы арендалық, ал 43-і үй кредиттік үй. Тұрғын үйлер Бозарық мөлтек ауданы мен Тұран ықшам ауданында салынып жатыр. Бұдан бөлек жастарға арналған 900 пәтерді нарықтан сатып алу көзделген. Жоспар бойынша биыл 3072 пәтер пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар 2023 жылы 6 білім, 1 мәдениет, 4 спорт, 2 төтенше жағдайлар, 1 абаттандыру, 1 денсаулық саласына қатысты нысанның құрылысы аяқталмақ.