Шымкентте кәсіпкерлер 16 мың акцизсіз темекі өнімін заңсыз саудаға шығарған

52

Шымкентте 16 260 дана акцизсіз темекі өнімін заңсыз саудалаған кәсіпкерлерлер анықталды. Атап айтқанда, заңсыз таңбаланған Корона, «Oris», «Fast», «Dave», «Marlboro», «M&M» және «Mond» маркалы өнім тәркіленді.

Мамандар сараптамасына сәйкес мемлекетке келтірілген залал сомасы 9 593 400 теңгені құрайды. Кәсіпкер Абай аудандық сотының үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар кәсіпкерге 918 900 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Камилхан Ислаилов, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы: «Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті заңсыз кәсіпкерлік және акцизделетін тауарларды таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 214-бабының 1-бөлігі және 233-бабы 1 бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 918 900 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды”