Үкіметте мұнай өнімдеріне, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына және дәрілік заттарға бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуді алып тастау тетігі қаралды.
Ұлттық экономика министрлігі бағаны мемлекеттік реттеуді кезең-кезеңімен алып тастау жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлейді. Әрі «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының жобасын Үкіметке енгізуі керек. Мұны Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тапсырды.