Úı ANONS Жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,2 пайызды құрады

Жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,2 пайызды құрады

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2022 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,2 пайызды құрады.» 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады.

Ең үлкен өсімді мына салалар көрсетті: құрылыс – 9,4, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1, көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 5, көлік және қоймалау – 3,9 және өңдеу өнеркәсібі — 3,4 пайыз», — делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Ведомствоның нақтылауынша, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша нақтыланған алдын ала деректер осы жылдың 21 сәуірінде жарияланады.