Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар саны өскен

47
Жаңа жылдан бастап, мемлекеттік әлеуметтік көмек түрлерін электронды қолтаңба арқылы халыққа қызмет көрсету орталығынан алу мүмкіндігі туып тұр

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар саны өскен. 2022 жылдың соңында Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 281 ұйым (2021 жылы – 272 бірлік) болды, оның ішінде стационарлық үлгідегі 172 ұйым, жартылай стационар – 75, уақытша қабылдайтындар – 31, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірнеше шарттары бар 3 ұйым бар.

Тіркелген ұйымдардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында – 31 бірлік, ең азы Ұлытау облысында – 3.