Бас прокуратура: 2,5 мыңнан астам адам қылмыс жасады деген күдікпен іздестірілуде

101

Бас прокуратураның баспасөз қызметі үш жылда қылмыс жасады деген күдікпен іздеуге жарияланған үш мыңнан астам адамның 500-ден астамы ұсталғанын хабарлады. «Қазір 2500-ден астам адам іздестіріліп жатыр. Негізінен ішкі істер органдарының желісі бойынша алаяқтық жасағаны үшін 400, ұрлық үшін 250 тұлғаға іздеу салынған», — делінген хабарламада.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і ұсталды.
Шет мемлекеттермен жолға қойылған ынтымақтастықтың арқасында іздеуде жүрген 600 күдіктінің жүрген жері анықталды, олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүр.
«Мысалы, осы жылы қоғамдық резонанс тудырған қылмысты жасады деген күдікпен 6 адам ұсталды (4-уі кісі өлтіру бойынша, 2-қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін).
Қалған тұлғалар бойынша басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.