Бас санитар дәрігер жаңа қаулы шығарды

29

Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова ел аумағында ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуіне, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қаулы шығарды.

Қаулыға сай сайлау учаскелерінде бір адамға кемінде 4 шаршы метр болуын ескеріп, сайлау процесіне қатысушылардың ағымын реттеу қажет. Сондай-ақ учаскелерде ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуі және дауыс беру басталар алдында сайлау учаскелерінде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуі тиіс.