Бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермейтін тиісті заң жобасы әзірленді

19
"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында қолға алынған жобаларда 15 адам жұмыспен қамтылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады. Президентке әділет органдары қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстерді тексеру аяқталған. 1000-нан астам бап пен 1200 ұсынысқа талдау жүргізілді. Нәтижесінде азаматтар мен кәсіпкерлер құқықтарын қорғңауды күшейту мәселелерін ескеретін және бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермейтін тиісті заң жобасы әзірленді.
Азамат Есқараевтың айтуынша, заңнаманың сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, заң жобасы қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын жандандыру, ғалымдарды кеңінен тарта отырып, заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету, реформаларды ақпараттық тұрғыда қолдауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар президент әділет министрлігіне қарасты мәселелер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру шараларын қамтитын 12 жобамен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке жүктелген міндеттердің сапалы іске асырылуының маңыздылығына назар аударып, заңнаманы одан әрі жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.