Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда кезектен тыс Мәжіліс сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды.
«Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:
1. Amanat – 53,46%,
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,52%,
3. Respublica партиясы – 8,9%,
4. Қазақстан халық партиясы –6,25%,
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22%,
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87%
7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31%.
Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтып, 230 мың сайлаушы қатысқан.
4,47 пайыз респондент «бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.
«Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтыды. Оның ішінде 124-і қалаларда, 76-сы ауылдарда орналасты. Сауалнамаға барлығы 30 мың сайлаушы қатысты. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1 пайыздан аспайды», — деді институт өкілі Айгерім Ергенболатқызы.