Қалалық балалар клиникалық ауруханасының төсек орын қоры 515-ке ұлғайтылды

29
Бүгінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан үшінші мегаполистегі емдеу мекемелерінің клиникалық-базалық жағдайын жақсартуға барынша жағдай жасалуда. Емдеу мекемелері заманауи соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталуда. Соның арқасында науқастар бұрынғыдай теңіз асып, тау басып, шетелге барып емделмейтін болды.
Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы даму жоспарына және бұйрығына сәйкес Қалалық жұқпалы аурухана орталығы балалар ауруханасының балансына өтті. Сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру мақсатында қалалық балалар клиникалық ауруханасының 2 – корпусы жақында ашылмақ.
Жаңа ғимаратта медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген КТ, рентген, УДЗ, ФГДС аппараттары жұмыс жасайды. Пациенттерге барлық ем алу жағдайлары қарастырылған онда: орталық желдеткіш іске қосылған, палаталары заманауи 2 төсек орындық, жекеленген желдеткішпен қамтамасыз етілген, пациенттерге тиісті ем-домын толық алуына барлық мүмкіндік қарастырылған.
Ауруханада жоғары білікті, кәсіби мамандар қызмет атқарады. Мұнда түскен әрбір науқасқа барынша көңіл бөлініп, заманауи үлгідегі құрал-жабдықтарда тексеруден өтіп, сауығып кеткенше дәрігерлердің жіті бақылауында болады.
Кәсіби білігі жоғары дәрігерлер жыл сайын шетелдерге барып, білім, білігін арттырып, арнайы тәжірибеден өтіп келеді. Соның арқасында емдеу нәтижесі жоғарылап келеді. Нәтижелі ем алған науқастар ақ халатты абзал жандарға алғыстарын жаудыруда.
Қосымша төсек орынның ұлғаюы төсек-орын тапшылығын азайтады деп күтілуде. Сонымен қатар, медициналық емді алу үшін жоспарлы түрде ем алушы науқастар кезегін енді көп күтпейтін болады.