Сарыағаш ауданында келіндер сайысы өтті

42

Сарыағаш ауданында Наурыз мерекесіне орай, «Жақсы келін – шаңырақтың ырысы» атты жас келіндер байқауы өтті. Сайыстың мақсаты қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жастар арасында кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықты жаңғырту.

Аталған шараға ауданның 9 келіні қатысып, бақтарын сынады. Қатысушылар «Келіннің бір күні», «Ісмер келін», «Ұрпақ тәрбиесіндегі келіннің сәбилерге арнаған жырлары», «Ақылды келін – отбасының ұйытқысы» тақырыптарындағы тапсырмалар бойынша өнерлерін ортаға салды.

Қорытынды бойынша тартысты сайыста І орынды Аликулова Гулфарида жеңіп алды. Ал жүлделі ІІ орынды Жүсіпова Айжан иеленсе, ІІІ орынды Қасымова Толғанай қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.