Таныстарын 3 млн. теңгеге сан соқтырып кеткен күдікті ұсталды

35

Шымкенттіктерді 3 млн астам сомаға алдаған 26 жастағы азаматша ұсталды. Кездейсоқ таныстарының сеніміне кірген азаматша, жаңа кәсіп бастау және дамыту үшін оларға қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға көмектесетінін айтқан. Ол өз қызметін 200 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін бағалаған.

Бос уәдеге сенген бес азамат қызға жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам ақша берген. Жүргізілген жедел прафилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде күдікті анықталып, тұрғылықты жерінен ұсталды. Ол 1996 жылы туған жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен тергеу жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.