Тарихқа тағзым — «Шымқаладан» бастау алады

104

«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде тарихқа тағзым етілді. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған кеште жастар алтыбақан теуіп, ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады. Сонымен қатар жас суретшілер ел тарихын бейнелеп, қала тұрғындарына сурет көрмесін ұйымдастырды.

Шымқала тарихи мәдени кешенінде “Тарихқа тағзым” іс-шарасы өткізілді. Мерекелік кеште қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен тұрмыстық құрал-жабдығынан хабар беретін көрме ұйымдастырылған. Онда ағаш ұстасы Мұратәлі Көшкінбаев сандық, астау, шоқпар сынды ұлттық тұрмыстық заттарды алып келіп, жастарға шеберлік сыныбын көрсетті.

Мұратәлі Көшкінбаев, ағаш ұстасы: «Бүгінгі көрмеге қазақтың ыдыс-аяқ, қымыз жиынтығы, астаулар, одан қала берді заманауи гүл салатындар. Сол кездегі салт-дәстүрді жаңартып, сандық, кебеже сынды заттарды жасап жатырмыз»

2 мың жылдық тарихы бар ескі қала аймағына келіп, ұлттық рухты сезінген қала тұрғындары ерекше көңіл күйге бөленді.

«Бүгін Наурыз мерекесіне арналған өте керемет кеш өтіп жатыр. Осында келген барша халықты мерекесімен құттықтаймын».

«Бүгін қаламызда керемет, көңілді кеш болып жатыр. Келіп тамашалап жатырмыз қуаныштымыз»- дейді қала тұрғындары.

Алтыбақан аясында таңнан кешке дейін жалғасатын шарада ұлттық спорт түрлері мен қолөнері дәріптелді. Сонымен қатар жас дизайнерлердің қазақы оюмен көмкерілген заманауи киім үлгілері таныстырылды.

Мадина Кенжеқұлова, «Шымқала» тарихи-мәдени кешені директорының м.у.а.: «Тарихқа тағзым күні кешен қызметкерлері мен демеушілердің ұйымдастыруымен қала деңгейінде іс-шара ұйымдастырлып жатыр. Арбат алаңында, мұз сарайында, Абай саябағында, Шымқала кешенінде тарихи фильмдер көрсетіліп жатыр. Қазір №2 және №1 балалар үйінің ауыр жағдайға түскен балаларға арнайы шаралар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды»

Шара соңында мерекеге атсалысып, өнер көрсеткен жандар мен қылқалам шеберлері көрмесінің жеңімпаздары марапатталды. Жүлдегерлерге естелік ретінде бағалы сыйлықтар табыс етілді.