17 қазан — Шымкенттің қала күні. Осы атаулы күнге орай Шымқалада іс-шаралар ұйымдастырылады. Сенбі күніне тура келетін мерекені қайда, қалай атап өтеміз? Осы орайда, қала әкімдігі бекіткен бағдарламаны сіздің назарыңызға ұсынып отырмыз
Қала күні мерекесіне арналған іс-шаралар бағдарламасы:
| Іс-шараның өтетін орны мен уақыты | Іс-шара атауы | |
| 10 қазан – сенбі «Жаңару мен тазалық» күні | ||
| сағат 09:00-13:00 сағат 09:00 – 10:00 | Жалпықалалық сенбілік Зиялы қауым өкілдерінің, ардагерлер мен жастардың қатысуымен көшет отырғызу рәсімі | |
| 11 қазан – жексенбі «Саламатты өмір салты күні» | ||
| Т.Рысқұлов көшесі – Ордабасы алаңы сағат 09:00-11:00 | Қала тұрғындарының қатысуымен жүгіруден эстафета | |
| Орталық саябақ сағат 10:00 | Ардагерлер арасында шахматтан турнир | |
| «Айжарық» бильярд клубы сағат 12:00 | Мемлекеттік қызметкерлер мен қалалық мәслихат депутаттарының арасында бильярдтан турнир | |
| 12 қазан – дүйсенбі «Болашақтағы – Шымкент» | ||
| Абай саябағы Бейнелеу өнері мұражайы сағат 11:00 | «Шымкент – кеше, бүгін және ертең» тақырыбында фотокөрме байқауы және қолөнер бұйымдары, сұңғат өнерінің (живопись) көрмесі | |
| Шымкент мемлекеттік зоосаябағы сағат 12:00 | «Зоосаябақ» күніне орай – акция (Құрылысы жүріп жатқан зоосаябақпен таныстыру, жаңадан алынған жанураларды тамашалау, «Шымкент қаласының Құрметті Азаматы» иегерлеріне, БАҚ өкілдеріне, жетім балаларға арнап зообақты тамашалауға тегін билеттер тарату акциясы) | |
| 13 қазан – сейсенбі «Шымкент – достық мекені» | ||
| «Тәуелсіздік» саябағы сағат 11:00 – 14:00 | Қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен облыстық этномәдени орталықтарының «Достық мекені» тақырыбындағы мерекелік бағдарламасы | |
| Опера және балет театры сағат 18:00 | «Шымкент Аруы» байқауы | |
| 14 қазан – сәрсенбі «Ғасырлар тоғысындағы қала» | ||
| Жангельдин-Қалдаяқов көшелерінің қиылысы сағат 10:00 | 320 орындық жаңа №57 «Хадиша» бала-бақшасының ашылуы | |
| М.Әуезов атындағы ОҚМУ-тің конференц-залы сағат 11:00 | «Ғасырлар тоғысындағы қала» тақырыбында ғалымдар мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстел | |
| 15 қазан – бейсенбі «Шуағын шашқан Шымқала» шаттық күні | ||
| №1 спорт мектебі Қалдаяқов көшесі сағат 11:00 | Спорт мектебінің жаңадан салынған қосымша залының салтанатты ашылуы | |
| «Нұрсәт» шағынауданы сағат 15:00 | Жаңадан берілетін тұрғын үйдің кілттерін салтанатты тапсыру | |
| 16 қазан – жұма «Ырыс алды – ынтымақ» қайырымдылық күні | ||
| Шымкент қаласы сағат 09:00 | Қала әкімінің Шымкент қаласының «Ең қарт» азаматын құттықтауы | |
| Перзентхана сағат 10:00 | Қала әкімінің осы күні туылған «Ең жас» азаматын құттықтауы | |
| Қарттар үйі, Балалар үйі сағат 11:00 | Қайырымдылық акция | |
| Облыстық Жастар орталығы сағат 18:00 | Қала әкімінің кубогіне көңілді тапқырлар командалары арасында «Жайдарман» ойындары | |
| 17 қазан – сенбі «Шымкент – сүйікті қалам» мереке күні | ||
| Абай, Жеңіс, Орталық саябақтары, Сайрам тұрғын алабындағы «Наурыз» саябағы 11:00-15:00 | Қала саябақтарында киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылған. Мерекелік концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар | |
| Орталық ипподром сағат 11:00 | Бәйге, конкурс, қыз қуу және т.б. ұлттық ат спорттық ойын түрлерінен жарыс (Киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерттік бағдарлама, көпшілік серуендер өтеді) | |
| Қазақ хандығының 550ж. арналған Монументі 11:00-17:00 | «Наурыз» алаңындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументі жанындағы автотұрақта Оңтүстік Қазақстан облысының 15 ауданының киіз үйлері орнатылады, әр ауданның шығармашылық ұжымдарының Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламасы | |
| Наурыз алаңы (Белгіленген орын) сағат 17:00-19:00 | «Алтын күз» фестивалі (жемістер және көкөністердің бетіне карвинг ойып мәнер түсіру) | |
| Наурыз алаңы (Белгіленген орын) сағат 17:00-20:00 | «Шығыс базар» үлгісіндегі этноауыл көрінісіндегі сауда қатары | |
| Бәйдібек би ескерткіші — Наурыз алаңы сағат 18:00 – 21:00 | Театрландырылған хореографиялық көрініс Салтанатты жиын («Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы мен «Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапаттау рәсімі) Қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік гала-концерті Отшашу |








