Тергеушілер күніне орай спорттық сайыс өткізілді

42

«Тергеу қызметіне 60 жыл» толуына орай Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің қолдауымен ауқымды спорттық спартакиада өткізілді. Іс-шараға тергеушілер, анықтаушылар және криминалистерден құралған 14 команда қатысты. Жүздеген полиция қызметкерлері қатысқан спартакиада, шағын футбол, арқан тарту, тапанша ату, қол күрес бойынша ұйымдастырылды.

Спорттық дайындықты, шеберлік пен шымырлықты, асқан шапшаңдықты қажет ететін ішкі істер саласының мамандары жарыс барысында, өздерінің тартысты ойындарын көрсетіп, белсенділік танытты. Нәтижесінде оза шапқан тәртіп сақшылары жеңіс тұғырынан көрінді.
Нақтырақ айтсақ, шағын футболдан І-орын жедел криминалистерге, ІІ-орын Созақ пен Отырар АПБ құрама командасына, ІІІ-орын келестік полицейлердің командасына бұйырды.
Ал арқан тарту ойыны бойынша І-орынды Түлкібас пен Төлеби АПБ құрама командасы, ІІ-орынды департамент аппараты командасы, ІІІ-орынды Созақ пен Отырар АПБ құрама командасы иеленді.
Сонымен қатар, тапаншамен ату бойынша
ерлер арасында І-орынды полиция майоры С.Назаров, ІІ-орынды полиция подполковнигі Б.Тулебаев, ІІІ-орынды полиция капитаны Н.Алишер алды. Ал қыздар арасында І-орын полиция аға лейтенанты А.Апетоваға, ІІ-орын полиция майоры Д.Сейдалиеваға, ІІІ-орын полиция капитаны Ж.Журабаеваға берілді.
Сондай-ақ Армрестлинг (қол күрес) бойынша І-орынды полиция аға лейтенанты Н.Сихымбай, ІІ-орынды полиция лейтенанты Н.Егемберді, ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты А.Муратов алды.
Жарыс жүлдегерлеріне департамент бастығының атынан «Грамота», «Алғыс хат», бағалы сыйлықтар табысталды.
Марапаттау рәсімінде сөз алған Түркістан облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Қалдарбеков: «Құрметті әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Тергеу саласы – ішкі істер органындағы ең маңызды, әрі асқан жауапкершілікті талап ететін сала. Ал сіздер осы сенімді ақтап, жүйелі жұмыс жүргізіп келесіздер. Сіздерге тілерім, барлық істеріңіз сәтті аяқталып, қылмыстар дер кезінде ашылсын. Отбастарыңызға аман болсын! Алған грамоталарыңыз позитивті серпіліс беріп, алдағы уақытта да биіктен көрінуге сеп болсын!» – деп атап өтті.
Өз кезегінде жүзден жүйрік болып, марапатталған полицейлер алғыс айтып, Қазақстан Республикасына қызмет ететіндіктерін жеткізді.