Түркістан облысында өзен ағысы алып кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды

33

2023 жылғы 26 наурызда Түлкібас АПБ-ға Сайрам ауданының тұрғынынан Арыс өзеніндегі судан кішкентай қыздың денесін тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 наурызында Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын өзінің 4 жасар қызын Арыс өзенінің ағысымен алып кеткені туралы айтып, арызданған болатын.

Баланы іздеуге Түлкібас АПБ-ның барлық жеке құрамы, ТЖМ және прокуратура өкілдері, 30 адамнан тұратын еріктілер бағытталды. Осы уақыт ішінде іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.