Түркістанда мектеп оқушысы «Ақылды ферма» ойлап тапты

52

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы № 6 мектеп оқушысы Елдос Елу «ақылды» ферма жобасын жасады. Макет күйіндегі жобада жұмыс процесі автоматтандырылған.

Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ фермадағы аппараттар малға уақтылы жем-шөп, су беріп, түнгі жарықпен қамтамасыз етеді. Әрі малды әрі-бері жүргіздіріп тұрады.

Елдостың бұл жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде І орынға, ал облыстық кезеңде ІІ орынға ие болды.