«Жібек жолы» — дәмі тіл үйіретін тағамдар мекені

129

Шымкентте Наурыз мерекесіне орай ұлттық тағамдар байқауы өтті. Мұнда «Ең үздік тағам» сайысында бірнеше белді мейрамхана бақ сынап жатыр. Соның бірі де бірегейі «Жібек жолы» мейрамханалар желісі.

 

Тәжірибелі аспаз Мақсат Алиев екі түрлі еттен қуырдақ әзірлеп жатыр. Ол тағымды алдымен ысталған жылқы етінен, содан соң тұздық қосылған қой етінен дайындады. «Жібек жолы» мейрамханалар желісінің білікті аспаздары Наурыз мерекесіне орай көпшілікті осылай таң қалдыруды жөн санаған.

Шаира Қарабаева, «Жібек жолы» мейрамханасының бас аспазы: “Біз «Жібек жолы» мейрамханалар желісін аштық, мұнда келушілерге ұлттық тағам түрлерін ұсынамыз. Ең бастысы, бізде бәрі дәмді және мұнда қонақтарға ыңғайлы жағдай жасалған. Мейрамхана атынан қала тұрғындарына тағамнан ләззат ала алатын ерекше мәзір дайындадық”

Шымкент қаласында іске қосылған “Жібек жолы” мейрамханалар желісі өз келушілерін дәмді тағамдарымен және ерекше қызметімен таң қалдыруға дайын. Мұнда сіз ұлттық тағамдар мен ерекше дәмді ас түрлерінен дәм тата аласыз. Аспаздар тіпті ең талғампаз қонақтарды да таңғалдыруға дайын екенін айтады.

Дана Есеева, тележүргізуші: “Мен қазылар алғасы ретінде көптеген тағам түрін татып көрдім. Бәрі бірінен бірі өтеді”

Қазылар алқасында атақты аспаздар мен белгілі шоубизнес өкілдері болды. Танымал блогер Дана Есеева мұнда бәрі дәмді әрі, ерекше етіп әсемделгенін жеткізді. Ал әділ қазылар әр тағам өзінше дәмді және тойымдылығымен ерекшеленгенін атап өтті.

Дана Есеева, тележүргізуші: “Біріншіден, тағамның бәрі бірінен бірі өткен дәмді. Мен барлық қатысушынының дайындаған тағамдарынан дәм татып шықтым десем де болады. Ұнап жатыр. Бұл мейрамхананың өзі де ерекше жасалыпты. Ең бастысы, халқымыздың салт-дәстүрі сақталған мейрамхана. керемет әсер алдым”

Байқау бірнеше күнге созылмақ. Осы аралықта ең үздік екі мейрамхана анықталады. Ал жеңімпаздарға қомақты қаржылай сыйлық табысталатын болады.

М/ж: Шымкент қаласы Қожанов көшесі 6 , «Жібек жолы» мейрамханасы,