Úı ANONS Электронды дүкендердегі сауда 33 пайызға артқан

Электронды дүкендердегі сауда 33 пайызға артқан

Электронды дүкендердегі сауда былтыр 33 пайызға артқан. Ел азаматтары түрлі маркетплейстерде 50 миллион рет сауда жасаған. Жұмсалған қаржы 1 триллион 300 миллиард теңге.

Статистикаға сәйкес, тіпті, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің өзін онлайн тапсырыс беріп, үйге алдыртатындар 5 есе көбейген. Мамандар электронды сауданың артуы заман талабы ғана емес, елдегі цифрлық жүйенің жоғары деңгейде дамып жатқанын көрсетеді,- дейді.