Арыста үйінде 1 келіден астам есірткі сақтаған тұрғын оңбай ұсталды

85
Есірткі

Түркістан облысы Арыс қаласында үйінде есірткі сақтаған ер азамат ұсталды. Оны облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрықтады.

Облыстық ведомстовның мәліметінше, ұсталған күдікті бұған дейін сотталып шыққан екен. Оның үйін тінту кезінде полицейлер өсімдік тектес есірткі затына ұқсас 20 полиэтилен пакет орамасын тәркілеп алды.

Тәркіленген заттай дәлелдемелер сараптамаға жолданған. Қорытындыға сәйкес, әрбір орамадағы есірткінің шамамен 60-70 грамды құраған кептірілген марихуана екені анықталған. Олардың (20 орама) жалпы салмағы 1 келіден асатын «марихуана» есірткісі болып шықты.

«Қазіргі уақытта осы жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды» делінген Полиция департаментінің мәліметінде.