Автокөліктен ақша ұрлаған азамат анықталды

25

2023 жылдың 9-сәуірінде Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, Шымкент қаласының азық-түлік дүкенінің бірінде, белгісіз тұлға өзіне тиесілі дүкеннің ауласында тұрған «Chevrolet» маркалы автокөлігінен 182.000 (жүз сексен екі мың) теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға бағалы заттарын көлікке қалдырмауға кеңес береді.
Егер Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.