Аутизм балаларды емдеу орталығы ашылды

86

Шымкентте аутизм балаларды емдеу орталығы ашылды. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мамандар ерекше балаларды күндізгі стационарда емдейтін болады. Емдеу орталығының жұмысы туралы толығырақ тілші материалында.

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Осы ерекше күнге орай, №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды. Маңызды іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице–министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов және де басқада маңызды қонақтар қатысты.

Салнатты жиын қонақтары ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтық жұмысымен толық танысып,  балалардың ата-аналарымен тілдестіп, пікірлерін тыңдады.

«Аутизммен ауыратын балаларымызды балабақшада, мектепте ешкім күтпейді. Біз сияқты ата – аналар үшін бұл қиын жағдай. Енді үкімет біздің балалар үшін осындай бірінші рет жақсылып жасап отыр. Біз өте қуаныштымыз. Енді балаларымыз тұрақты түрде ем алып тұратын шығар. Аутизммен ауыратын балаларға көптеген емдер қажет», – дейді қала тұрғыны.

Жаңадан ашылған орталық психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. Айта кетерлігі ,мекеме іші Финляндия,  Жапония, Австрия мемлекеттерінен жеткізілген арнайы жиһаз жыйынтықтарымен жабдықталған. Мұнда, қызмет алушы балалар үшін проекциялық интерактивті сенсорлық бөлме, сенсорлық интеграциялық бөлмелері бар.

Балмаржан Нарбекова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «Бізде 232 жуық ерекше бала бар. Бұл жерде баларымызды екі ауысымда қабылдаймыз. Аутизм балалар негізі жалғыздықты жақсы көреді. Сондықтан бұл жерде оларға дос болу мүмкіндігін, қоғамды қабылдау мүмкіндіктері беріледі».

Айта кетейік, жаңадан ашлыған орталықта «Қамқорлық» қоры мен «Балама» оқыту орталығының келісімі негізінде орталықтың 36 маманы біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Орталықтың жобалық қуаты 110 балаға арналса, қазір мұнда 40-қа жуық бала ем алуда.

Лаура Нақыпқызы