Балабақшада қазақ тілінде ас қайырған орыс балаға жұрт тәнті болды

2706

Балабақшада жайылған мерекелік дастархан басында қазақ тілінде ас қайырған орыс баласы көпті өзіне қаратты.

Бүлдіршіннің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады. Онда балабақшада қазақтың ұлттық киімін киген бір топ бүлдіршінді көруге болады. Олар мерекелік дастархан басына жайғасып, соңында орыс баласы ас қайырады.

«Осы отырған барлығымызды, бір Құдайым сақтасын,

Асқа адалдық берсін, басқа амандық берсін», — дейді бүлдіршін.

Балақайдың ас қайырған видеосын көрген желі қолданушылары қазақи тәрбие беріп отырған ата-анасына риза болып, бүлдіршінге ыстық лебіздерін жаудырды.

«Орыс балапан жарайсың», «Мықты», «Ата-анасына алғыс», «Ой, алтын бала! Бақытты бол, айналайын», «Бәрекелді, айтқаның келсін», «Түрінен сол. Батаң қабыл болсын», «Барлық балапандарды Алла қолдасын», «Сары балапанның өмірі ұзақ, денсаулығы мықты болсын», «Жандарым сол, қазақ елінің болашақ мақтаныш ұрпақтары», «Айтқаныңды Алла қабыл етсін. Айналайын аман бол» деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, ас қайырып, көптің жүрегін елжіреткен бүлдіршіннің есімі – Алан. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.