«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы қарқынды жалғасуда

73

Бүгінде Шымкент қаласында құқықтық саясаттың іске асырылу барысы, қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шаралар, оның ішінде отабасылық-тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес шаралары қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, мектеп оқушыларының жолдағы қауіпсіздігі де назардан тыс қалған емес.

Мектеп инспекторлары тәрбие берудің бір жүйесі ретінде өз жұмыстарын атқарып келеді. ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» іс шарасы қолға алынып, жүзеге асуда.
Аталған шараның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін сақтауға дағдыландыру болып табылады. Сондай-ақ жеткіншектердің оқыс жарақат алуы мәлселелеріне жүргізушілердің, ата-аналардың назарын аудару.
Осыған орай, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция тобының инспекторы П.Маймақова Шымкент қаласындағы №12 «Дарын» мектебінің оқушыларына аталған тақырыптағы дәрісте жол қауіпсіздігін толығырақ түсіндірілді. Атап өтсек, «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында өтті.
«Аталған сабақта қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететіні салдарынан бұзылады. Сондықтан да балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін үйретудің артықтығы жоқ. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады»,- деді полиция майоры.
Айта өтетін ақпарат, ауқымы кең іс-шара ағымдағы жылдың 10-сәуіріне дейін жалғасын таппақ.