Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына барып, Төрткүл елді мекеніндегі 300 орындық мектептің жай-күйімен танысты. Құрылысы 2020 жылы басталған нысанның конкурстық құны 1 млрд.теңгеге жуық.
Түрлі себеппен құрылыс жұмысы 2022 жылдың қыркүйек айынан бері тоқтап тұр. Өңір басшысы өз міндетін дұрыс атқармаған, жұмысты жүйелі жоспарламаған басшылар мен мердігерді сынға алып, тиісті тапсырма берді.
Сонымен қатар, өңір басшысы аудандағы құрылысы тоқтап қалған «Қызылжар» жалпы орта мектебінің қосымша ғимараты мен Шұбарсу ауылындағы 600 орындық мектепті де аралап, жауаптыларға мәселені тез арады ретке келтіруді тапсырды.