Дизельдің 1 литрі бірден 450 теңгеге көтерілмек

61

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің шекті бағасын көтеру туралы бұйрықтың жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Құжатқа сәйкес, бағаларды мемлекеттік реттеуге жататын стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұрынғы бұйрыққа өзгеріс енгізіледі.
Олар:

АИ-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;

дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейін дизель отының құйып алуға болады. Сол кезде 1 литр үшін 295 теңге белгіленіп отыр. Ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен жағдайда тәулігіне 300 литрді 295 теңгеге құйып алуға болады.