Кентауда оқушы қызды соққыға жығып, зорламақ болған күдікті ұсталды

1920
ұсталды

Түркістан облысының Полиция департаментіндегілер зорланбақ болып, соққыға жығылды деген 11 жасар оқушы қызға қатысты пікір білдірді. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қамауға алды. Оқиға 26 сәуір күні болған.

«26 сәуір сағат 23:15 шамасында Кентау қалалық полиция бөліміне ауруханадан жасөспірім қыздың дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келді. Тексеру барысында сағат 20:30 шамасында аулада ойнап жүрген қызды белгісіз біреу себепсіз ұрғаны анықталды. Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба анықталды. Оның негізінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі «бұзақылық» бойынша тіркелді.  Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп атап өтті полициядан.

ІІМ Telegram-каналының жазуынша, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Еске салсақ, біз бұған дейін Кентауда оқушы қыздың әлдекімнен қан-жоса боп таяқ жеп, соққының астында қалғаны туралы толығырақ жазған болатынбыз.