Қайнарбұлақта бір уақытта су, жарық, газ құрылысы жүріп жатыр

91

60 мыңнан астам халық қоныстанған Қайнарбұлақ елдімекенінде бір мезетте бірнеше инфрақұрылым жүйесі тартылып жатыр. Бұған дейін проблемадан көз ашапаған халық биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Сондай-ақ елдімекеннің бір бөлігіне табиғи газ да келеді. Қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы тұрғын алапта жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен таныстырды.

Бұған дейін сапалы ауыз проблема болып келген Қайнарбұлақ тұрғын алабында биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, халық тіршілік нәрімен қамтылады. Бұл туралы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәлімдеді. Жалпы бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 2,9 миллиард теңгесі өткен жылы игерілген болса, биыл 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр.

Құрылыс қарқынды жүріп жатыр деген мердігер мекеме өкілі қазір жұмыстың 60 пайызы орындалған дейді. Тіпті, мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік бар екенін айтады.

Ал тұрғын алаптағы электр қуаты мамыр айында іске қосылады. Жалпы жоспар бойынша нысан желтоқсан айында аяқталуы қажет нысан, халықтың талабына сай мерізімнен бұрын пайдалануға берілмек. Қазірдің өзінде жұмыстың 95 пайызға аяқталған. Жалпы, 70 шақырымдық электр жүйесі жүргізіліп, 2 760 абонентті электр қуатымен қамту көзделіп отыр.

Арман Әбдіқалықов, Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарма басшысының орынбасары: «Электр қуаты бойынша Қайнарбұлақ тұрғын алабында құрылыс-монтаж жұмыстары 95 пайызға аяқталды. 2023 жылдың маусым айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «А.МЕРЕЙ И К» ЖШС-і осы уақытқа дейін ұзындығы 68,6 шақырымдық электр жүйелерін жүргізген. Жоспар бойынша 2023 жылы маусым айында 2 760 абонент электр қуатымен қамтылатын болады».

60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ елдімекенінде табиғи газ құрылысы да қатар жүріп жатыр. Жауаптылардың сөзінше, биыл бір бөлігінде жұмыс аяқталып, халық көгілдір отынға қосылады. Ал қалғаны 2024 жылға өтпелі.