Қаратау: Аптасына 5 рет азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі

131

Қаратау ауданында атпасына 5 күн бойы жәрмеңке өткізіледі. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері қолжетімді бағада сатылады. Ал бұл шара қала тұрғындарының уақытын тиімді пайдалануына көп көмегін тигізіп жатқанын көрінеді. 

Қаратау ауданында 5 жәрмеңке алаңы бар. Соның бірі Тұран шағынауданында орналасқан. Жергілікті тұрғын Кенжеқыз Аяпованың айтуынша қала орталығына барып келгеннен гөрі, осында сауда жасаған тиімді. Ол бүгін кішкентай қызымен бірге келіп, картоп, пияз сынды көкөніс түрлерін сатып алды. 3 баланың анасы мұнда бағалардың да қалтаға қонымды екенін айтады.

Кенжеқыз Аяпова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Дәл қазір мен декреттегі анамын. Негізі мұғаліммін. Маған үйде отыранда қалаға барып келу қиын. Уақытты тиімді пайлалануға жақсы болып жатыр. Ең бастысы арзан бағада алып жатырмыз. Картоп алдым бағасы 160 теңгеден, қияр алдым 350 теңгеден, қызанақ алдым 700 теңгеден. Бағасы қолжетімді»

Ал жасы 60-тан асқан саудагер Ақмарал Таукеева жәрмеңкеде ет сатумен айналысады. Оның өнімдері базар бағасынан әлдеқайда арзан. Сондықтан да ет өнімдері тез арада сатылып кетеді екен.

Ақмарал Таукеева, саудагер: «Мен қазір қойдың етін сатып жатырмын. Барлық жәрмеңкеге шығамін. Базарда қой еті 2500-ден сатылса, өздеріңіз көріп тұрғандай 2000-нан сатып жатырмын. Мен өзім көтерме саудагермін. Өзім малды сойып, сатамын. Оның басы бар, ішек-қарны бар, бәрі ақша болған соң, ыңғайлы маған. Біз салық төлемейміз, дәрігерлер тексеріп кетеді. Бірақ ақша төлемейміз»

Жәрмеңкеде 500-ге жуық саудагер 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрін сатылымға шығарады. Оның ішінде жергілікті шаруалардың өз өнімдері мен бау-бақша көкөністері де бар. Бұл шара бағаны тұрақтандыру мақсатында жүзеге асып жатыр.

Рақымберді Мүлкеманов, Қаратау ауданының әкімі: «Бұл жерде өзінің заң талаптарына сәйкес, шектік бағалар бекітілген. Сол бағадар 15 пайыз аспау керек деген талабымыз бар. Соны сақтау отырып, осы жәрмеңке бағасын ұйымдастырамыз. Бұл осы жердің тұрғындарына өте тиімді. Оларда автобус мәселесі бар, базарға барған тұрақ мәселесі бар. Базарға барғанша осында келіп керек затын алып кетеді. Бір аптаға азық жинап алса, келесі аптаға дейін жетеді деп ойлаймыз»

Ашық аспан астындағы жәрмеңке Нұртас, Нұрсәт, Тұран 1, Тұран 2 шағын аудандарында орналасқан. Саудагерлер мұнда сауда жасау үшін арнайы тіркеліп, тексерістен өткізіледі. Сонымен қатар, санитарлық талапқа сай келген өнім түрі ғана сатылымға шығарылады.