Қазақстанға енді 100 ел азаматтары визасыз кіре алады

119

Қазақстанға визасыз келе алатын елдер саны артады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді.

Айтуынша, алдағы уақытта елде шетелдік туристер үшін қолайлы климат жасалады. Яғни, визасыз елдердің тізімін 100-ге дейін арттыру жоспарланып отыр. Өткен жылы бұл мүмкіндік– 79 ел азаматтары үшін қарастырылған еді.

Сондай-ақ министр жаңадан тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы туризмді дамыту мәселелеріне айрықша тоқталған еді.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында министрлік қонақ үйлерді «eQonaq» жүйесімен 100% қамтып, гидтердің қызметін цифрландыру және «Kazakhstan.travel» порталын жаңғыртуды көздеп отыр.