«Синий трактор» әнін орындаған студенттер оркестрі көпті күлкіге қарық қылды

1360

Балалардың сүйікті мультфильміне айналған «Синий трактор»-дағы әнді орындаған студенттік оркестрге жұрт риза болды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Жастар алдымен «Аягөз қайда барасың?» әнінен бастап, кейін «Синий трактор»-ға өтеді. Хит болған туындыны Жұбанов атындағы университеттің «Ақжелең» студенттер оркестрі орындайды.

Бейнежазбаны көргендер түрлі пікірлерін қалдырды.

«Керемет көңіл күй сыйладыңыздар», «Күлмей қалған адам қалмаған шығар», «Керемет», «Синий трактор»-дың бағы жанды не болса да…», «Жарайсыңдар, еңбектерің жана берсін», «Тек алға», «Осындай жастар көп болсын, жарайсыңдар», «Күшті», «Тамаша», «Осы көк трактордың шықпайтын жері жоқ өзінің», «Күшті шығыпты» деп жазды желі қолданушылары.