Шымкентте классикалық әндер шырқалды

610
Шымкентте классикалық әндер шырқалды

Шымкентте классикалық әндер шырқалды. Шаһарға «Мэджик оф номад» тобының ұжымы келіп, шығармашылық кеш өткізді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттегі әуендер түрлі аспапта шырқалды. Бұл кеште халық әндері де ұмыт қалмады.

Шымкентте классикалық әндер шырқалды

Соның ішінде «Ақ бақай, «Ақ сиса» және «Гәкку» әндері шырқалды. Айта кетейік, бұл топта сегіз адам өнер көрсетеді. Ұжым алғаш 2008 жылы Лондон қаласында құрылған болатын. Содан бері шығармашылық топ өкілдері класиикалық әндерді шырқап келеді.

Тәуелсіздіктің мерейтойына арналған кеш алты сағатқа созылды. «Мэджик оф номад» тобының ұжымы енді мұндай гастрольдік сапарларын шетелде де жалғастырмақ. Ол концерт жаңа жылдан кейін болады деп күтілуде.