Стационарлық көмек көрсететін емдеу мекемелерінің жұмысы қауырт

97

Шымкент қаласының медициналық әлеуеті жылдан-жылға жаңарып, халықтың саулығын жақсартуда оң игі істер іске асуда.  Соның ішінде  мегополис медицинасындағы  стационарлық көмек көрсететін емдеу мекемелерінің жұмысын ерекше атап өтуге болады.

Айта кетейік, стационарлық көмектің екі түрі бар. Бірі – жоспарлы түрдегі стационарлық көмек, екіншісі – шұғыл түрдегі стационарлық көмек. Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін  15 медициналық ұйым бар.  Жалпы   төсек-орын саны – 3407.

Қалада көп бейінді 4 стационар бар. Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында-490 төсек орын,  №2 қалалық ауруханасында 390 төсек орын, №3 қалалық ауруханасында 210 төсек орын, қалалық балалар ауруханасында – 315 төсек орын бар.

Сондай-ақ  қалада 5 монопрофильді стационар бар. Шымкент жүрек орталығында-134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта-231 төсек орын, Т. О. Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында- 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығы нда– 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 360 төсек орынмен жабдықталған.

Қалада 2 босандыру стационары бар.  Оның ішінде қалалық перзентханада – 162 төсек орынмен  және  қалалық перинаталдық орталық -165 төсек орынмен жабдықталған.

Оңалту орталығы бойынша стационарлық көмек көрсететін 4 мекеме бар: Оның ішінде №1 оңалту орталығында – 100 төсек орын,  №2 оңалту орталығында  – 100 төсек орын, «Мейірім» оңалту орталығы – 130 төсек орын, «Ана мен бала» оңалту орталығы – 60 төсек орынмен жабыдақталған.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін 35 142 пациентке стационарлық көмек көрсетілді.  Оның ішінде  11 386 жоспарлы түрде және 23 756 пациент  шұғыл түрде келіп түскен.

Науқастардың барлығына да жоғары білікті дәрігерлер сапалы қызмет көрсетіп, сауығып шығуына септігін тигізген.